29 Қыркүйек 18:56
...

Шенеуніктердің шетелдегі шоттары қалай тексеріледі?

Фото:
БАҚ беттерінде «шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынады» деген ақпарат шыққан болатын. Осы мәселе төңірегінде қандай шаралар жасалып жатқанына қатысты

NEGE тілшісінің сұрағына ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жауап берді.

– Биыл жалпыға бірдей декларациялау жобасы бойынша азаматтар барлық шетелдегі шоттары мен басқа да салық объектілерінің деректерін берді. Біз оларды жинап алдық. Бұл жоба кезең-кезеңмен 2025 жылға дейін созылады. Сол уақытқа дейін барлық қазақстандықтардың қай жерде қандай мүлкі барын, қай жерде қандай табыс қосылғанын анықтай аламыз. Қазір Сенатта ратификациялау туралы хаттама қаралып жатыр. Ол бойынша шекарадан өткен кезде берген қолма-қол ақша мен басқа мемлекетте бар қаражатты да көре аламыз, – деді вице-министр.

Сондай-ақ бұған дейін қаржы министрлігінде пара алу дерегі көп тіркелетіні мәлім болған еді. Прокуратура жүргізген статистика бойынша, жемқорлықтың көп дерегі қаржы министрлігінде тіркелетіні анықталған.

Вице-министр бұл фактіні жоққа шығармады. Оның айтуынша, жемқорлыққа басты себеп – өңірдегі, штаттағы сала мен қызметкерлердің көптігі. Егер бұл факторды адам санына бөлсе, оның үлес салмағы аз болады екен.

– Иә, ондай фактілер бізде бар. Оған қарамастан біз іште жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Жемқорлықпен күрес тек түсіндіру шараларынан ғана тұрмайды. Адамның субъективті шешімін қабылдауды автоматтандыруға алмастырғымыз келеді. Егер біздің бір қызметкеріміздің іс-қимылы өзгеше болса, оны тексеріске аламыз. Осы жүйені іске асырсақ, жұмысымыз тазарады деп ойлаймын, – деді Ержан Біржанов.

Тегтер: