USD
USD
USD

Шенеуніктер: Қытайдан келген техникалар көмектеспейді

Қытайдан келген техникалар ауа-райының қолайсыздығына байланысты тазалау жұмыстарын жүргізуге төтеп бермейді, деп хабарлайды Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Шенеуніктер: Қытайдан келген техникалар көмектеспейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қытайдан келген жол тазалау техникаларының ауа райының күрделі жағдайларына төтеп бере алмай, істен шығатыны анықталды. Ал бұзылған қосалқы бөлшектерін сатып алу тұтынушы үшін тиімсіз. Сәйкес келетін бөлшекті сатып алғанмен, оның да сапасы сын көтермейді», -  делінген мәлімдемеде.

Тексеру нәтижесінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызмет көрсететін Щучинск - «Нұр-Сұлтан» ақылы автомобиль жолы бақылауға алынды. Аталған автомобиль жолын жөндеуге облыс бюджетінен 2020 жылы Т1,2 миллиардтан астам қаражат қарастырылған. 

«Өздеріңіз де білесіздер, биыл қыста қар мөлшері нормадан асып кетті, ал коммуналдық қызметтер бұған дайын болмады. Мамандандырылған жол техникасының жетіспеушілігі жолдарды қардан тазартудың негізгі мәселелерінің бірі. Сонымен қатар, жол қадағалайтын  учаскелерде қар тазарту үшін Щучинк, Макинск және Ақкөл елді мекендерінде орналасқан тиісті жабдыққа меншік құқығы бар жеке және заңды тұлғаларды жедел тарту мүмкін емес», - деп түсіндірді. 

Ақылы жолда жиналған ақшаның жұмсалғаны туралы ақпараттың болмауына байланысты көлік жүргізушілерінің теріс пікірлері мен шағымдары көп.Сол себепті аталған топ қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты таратудың ашықтығын ұсынды. Сонымен қатар, жол бойындағы қоқыс жинау орындары мен қоғамдық дәретханаларды күтуге қатысты бірқатар кемшіліктердің бар екені айтылды. 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.