USD
USD
USD

Шенеунік пандемия кезінде халыққа көмек ретінде бөлінген 160 млн теңгені жымқырды

 Түркістан облысы Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары ұсталды.

Шенеунік пандемия кезінде халыққа көмек ретінде бөлінген 160 млн теңгені жымқырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, лауазымды тұлға бір топ адаммен бірге 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаражатын қалтасына басып отырған. «Ол мемлекет қаржысын өзінің жақын туыстары мен таныстарының есепшотына аударып отырған. Негізі бұл - аз қамтылған мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған қаражат болатын.

Салдарынан мемлекетке шамамен 160 млн теңгеден астам шығын келген» деп мәлім етті агенттік. Жымқырылған қаражат «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы шеңберінде Арыс қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы төлеуге және кей санаттағы азаматтарды пандемия, төтенше жағдай мен шектеу шаралары кезінде азық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге бөлінген еді. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев