USD
USD
USD

Шенеунік гір көтеруден ел чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында гір спортынан ересектер арасында ел біріншілігі аяқталды.

Шенеунік гір көтеруден ел чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров алтын медаль алды. Ақтөбеде Гір және қол күресінен ҚР чемпионаты өтті. Жастар және ересектер арасында өткен додаға еліміздің барлық аймағынан білекті спортшы қатысады. Олардың арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпаздары бар. Жарысқа қатысушылардың барлығынан ПТР анықтамасы сұралды.

«Ерлер және әйелдер 11 салмақ дәрежесі бойынша жарысты. Жастар арасында ерлер 7, ал қыздар 4 салмақта өзара мықтыны анықтады. Армрестлингтен ерлер 10 салмақ, әйелдер 9 салмақ бойынша күш сынасты. Жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған. Ақтөбе облысының қоржыны 2 алтын, бір қола бар. Ерлер арасында Евгений Гончаров І-орынды, Айтқали Балтабаев ІІІ-орынды иеленді. Әйелдер арасында І-орынды Алмагүл Шамгонова алды», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Мұқан.

Қазір оқып жатыр

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі