USD
USD
USD

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Шэньчжэнь қаласында (ҚХР) Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін таныстырды.

роуд-шоу
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, девелоперлік және технологиялық компанияларының өкілдері қатысты.

Қатысушыларға Алатау қаласын дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде инвесторларға арналған жеңілдіктер, инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және арнайы құқықтық режимнің басқа да мүмкіндіктері таныстырылды.

Бозымбаев
Үкіметтің баспасөз қызметі

Инновациялар, цифрлық басқару және инвестициялар тарту саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Шэньчжэнь тәжірибесін зерделеуге ерекше назар аударылды. Қытай мегаполисінің озық тәжірибелерін Алатау қаласын дамыту барысында пайдалану жоспарлануда. Атап айтқанда, жаңа буындағы аккумуляторлар, энергия сақтау жүйелері, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы өндірістерін құру, электр көлігі мен қуаттау инфрақұрылымын дамыту, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, энергетика объектілерін, инженерлік, көлік және логистикалық инфрақұрылымды салу, сондай-ақ Smart City технологияларын енгізу туралы келісімдерге қол қойылды.

Роуд-шоу аясында жетекші қытайлық корпорациялар мен инвестициялық топтардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізілді, олардың ішінде China Resources, Ping An Group, China State Construction Engineering Corporation International (CSCEC International), Funde-Gemdale Group, China International Marine Containers Group (CIMC), Sunwah Group, SINOMACH Hainan Development және т.б. бар. Келіссөздер барысында қытайлық компаниялардың Alatau City жобаларын іске асыруға қатысу, өндірістерді оқшаулау, технологиялар трансферті және қаланы дамыту саласында озық тәжірибемен алмасу мәселелері талқыланды.

роуд-шоу
Үкіметтің баспасөз қызметі

Іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 24 келісімге қол қойылды, өнеркәсіп, энергетика, логистика, жоғары технологиялар, қалалық инфрақұрылым және цифрлық экономика салаларында жалпы инвестициялық әлеуеті 6 млрд АҚШ долларына дейінгі жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Шэньчжэньдегі роуд-шоу халықаралық нарықта Alatau City-дің инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілетудің маңызды кезеңі болды және бизнестің Алатау қаласын дамытуға қатысуға деген жоғары қызығушылығын растады. Инвесторларды тарту жөніндегі жұмыс Гонконгтегі жетекші инвестициялық қорлардың, қаржы ұйымдарының, банктердің, сақтандыру компаниялары мен технологиялық корпорациялардың қатысуымен өтетін келесі іс-шаралар аясында жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескертпе мен қателер анықталған

Оқулықтар

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қаржыны толық аудармауына не себеп?

Самұрық-Қазына