USD
USD
USD

Шэньчжэнь зәулім ғимараттар саны бойынша Нью-Йоркті басып озды

Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь мегаполисі зәулім ғимараттар саны бойынша Нью-Йорктен озып, осы көрсеткіш бойынша Гонконгтан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Шэньчжэнь зәулім ғимараттар саны бойынша Нью-Йоркті басып озды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта қырық жыл бұрын балықшылар ауылы болған Шэньчжэнь қаласында шыныдан және бетоннан салынған 289 зәулім мұнара тіркелген. Олардың биіктігі 150 метрден асады (орта есеппен қырық қабат). Ал Нью-Йоркте мұндай ғимараттар саны 283. 354 зәулім ғимараты бар Гонконг осы рейтингтегі бірінші орынды алады. Алдыңғы бестіктің қатарында Дубай (202) және Шанхай (165) бар. Ғимараттар қарқынды салынған елдердің рейтингінде Қытай 2204 зәулім нысанмен көш бастап тұр. Ондағы мұнаралар саны Америка Құрама Штаттарындағыдан (808) үш еседей көп. Одан кейін Жапония (259), Біріккен Араб Әмірліктері (255) және Корея Республикасы (231). Әлемдегі зәулім ғимараттардың жалпы саны 4991-ге жетті. Қазіргі уақытта 744 мұнара салынуда, оның 321-і Қытайда орналасқан.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева