USD
USD
USD

Шемонаихада жылу желілерінің 90 пайызы тозған

Жылу беру маусымы барысында коммуналдық апаттар тіркелген жоқ.

Шемонаихада жылу желілерінің 90 пайызы тозған
Фото: NEGE.kz

Бірақ, шағын шаһарда Екібастұз қаласындағы төтенше жағдай қайталануы мүмкін. Бұған жол бермес үшін ауқымды жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскемен, NEGE. Шемонаиха халқы биылғы қыстан әупірімдеп шықты. Коммуналдық желілер нашар жағдайда болса да, суыққа шыдас берді. Мамандардың айтуынша, апатты инфрақұрылымды жөндеу қиынға соғуы мүмкін. Себебі, құбырлар жергілікті су арнасының меншігінде. Ал кәсіпорын қарызға батқан.

Бақытжан Молдаханов, ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары:

- Келесі жылыту маусымына дайындық барысында жұмыстарды бастап жатырмыз. Соның бір көрінісі, Шемонаиха су арнасы кәсіпорны мемлекеттік соның атқару жқмыстарының куәгері болып отырмыз. Қазіргі уақытта толығымен жер жұмыстары аяқталды. Техникалық жағдайды тексері жұмыстарын жүргіземіз. Содан кейін бағасын анықтаймыз, бюджеттік өтінім береміз.

40 мың халыққа қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорынның мойнында 1 млн теңгеден артық қарыз бар. Су арнасы бұл соманы жұмысшыларға беруі тиіс. Сондықтан, жылу трассасын қалпына келтіруге қаражат жоқ. Бұл іске мемлекеттік мекемелер араласып жатыр.

Рауан Тұрысбек, ШҚО ТҮКШ, энергетика және құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- 3,6 млрд теңге болатын жылу желілерін реконсрукциялау және жөндеу бойынша төрт жобаны іске асыру жоспарлануда. Оған республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Осы жобалар келесі жылы бітетін болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы құны 21,2 млрд теңге болатын су сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту бойынша іске асыруға бюджеттен 3,6 млрд теңге бөлінген.

Шаһардағы тозығы жеткен инженерлік желілердің үлесін азайту үшін тарифтік жоспар қайта есептеледі. Коммуналдық қызмет құны соңғы төрт жылда қаралмаған. Мамандардың айтуынша «Инвестицияға айырбас тарифі» саясатына көшсе, қаладағы апатты құбырлар көрсеткішін жыл сайын 2%-ке азайтуға болады.

Қазір оқып жатыр

«Дәстүрлі медианың дәурені өтті» дегенмен келіспеймін – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар