USD
USD
USD

Shell Қазақстан нарығынан кетпейді – Ақкенженов

Бұған дейін әлемдік БАҚ-та «Shell компаниясы Қазақстанға инвестиция құюын тоқтатады» деген ақпарат жарияланған еді. Мұндай ақпараттың таралуына компанияның бас атқарушы директоры Ваэль Саванның сөзі түрткі болған.

Shell
Фото: Shell

Астана, NEGE. Бүгін Ақорда кулуарында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл ақпаратқа қарамастан, Shell Қазақстанға инвестиция құюын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Shell компаниясының өкілі оған БАҚ Ваэль Саванның сөзін дұрыс түсіндірмегенін айтқан.

«Біз Shell компаниясына тиісті сауал жолдадық. Бірақ айта кетейін, өткен аптада Shell компаниясының өкілі Сьюзен Куган келіп, маған бұқаралық ақпарат құралдары Shell басшысының сөзін дұрыс түсіндірмегенін, шын мәнінде бәрі басқаша болғанын айтты. Компания Қазақстандағы қызметін әрі қарай да дамытуды көздеп отыр. Оған дәлел – олардың газ өндіру үшін қарастырып жатқан кен орындарының бірі. Әрі олар Қазақстанға инвестиция салуды жоспарлап отыр. Дегенмен Энергетика министрлігі ресми сауал жолдағандықтан, Shell компаниясының ресми жауабын күтуіміз керек», – дейді Ақкенженов.

Еске салсақ, бұған дейін Қашаған кен орнын игеріп отырған  халықаралық компаниялар 5 миллиард доллардан астам экологиялық айыппұлға келіспей, Қазақстан үкіметінің үстінен арбитражға жүгінетіні айтылды. Бұл жөнінде Bloomberg-ке Shell компаниясының өкілі мәлімдеген.

Экологиялық айыппұл күкіртті сақтау талаптарына байланысты салынған.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар