USD
USD
USD

«Шелдонның балалық шағы» сериалының жұлдызы қазақ музыкасына ғашық

«Шелдонның балалық шағы» сериалында Шелдон Купердің бала кезін сомдаған актер Иэн Армитидж 2025 жылға арналған Apple Music Replay қорытындысын әлеуметтік желіде жариялады. 

Шелдон
Фото: Instagram.com/iain/

Астана, NEGE. Ол Instagram парақшасында 2025 жылы Apple Music сервисінде ең көп тыңдаған әндеріне арналған жеке статистикасын жариялаған.

Актердің өзі бөліскен деректерге сәйкес, жыл бойы ең көп тыңдаған музыкаларының қатарында қазақстандық орындаушылар алдыңғы орынға шыққан. Рэпер Скриптонит көш бастап тұр.  

Шелдон
Instagram.com/iain/

Сонымен қатар Иэн заманауи поп-электроника бағытындағы әнші Ayau-дың AYALUM альбомын да сүйіп тыңдайтын тәрізді. 

Жас актерге ерекше әсер қалдырған тағы бір туынды – қазақ музыкасының алтын қорына енген Дос-Мұқасан ансамблінің «Әпитөк» әні.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек