USD
USD
USD

Шектеу шаралары 2 сәуірге дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 2 сәуірге дейін ұзартылды.

Шектеу шаралары 2 сәуірге дейін ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 2 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі 2,7%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны 0,954 құраған.

«Осыған дейін жарық көрген қаулыда «Театрлар мен кинотеатрлардың толтырылуы 30 проценттен аспаған жағдайда бір уақытта 100 адамнан аспауы керек» деп жазылған болатын. Ал бұл құжатта «100 адам» деген сөз алынып тасталды. Яғни енді театрлар мен кинотеатрлар жалпы сыйымдылығын 30 проценттен асырмай көрермендерді қабылдай алады», - деп түсіндірді ШҚО Санитарлық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы Бағлан Тауанова.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті