USD
USD
USD

Шектеу шаралары 15 сәуірге дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 15 сәуірге дейін ұзартылды.

Шектеу шаралары 15 сәуірге дейін ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы өзгергенде қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекция стационарларында төсек қорының толтырылу деңгейі – 3.3%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,175.

«Семей, Курчатов қалаларының, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары өңірдің сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапына қойылатын 3 және Қарағанды мен Павлодар облыстары аумақтарындағы 3 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар «Ауыл», «Үбе», «Бақты», «Майқапшағай» автоөтпе жолдарындағы өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекет қойылады», - делінген құжатта.

«Қызыл» аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР сынаманың теріс нәтижесі туралы үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер