USD
USD
USD

Шекарашылар Ресейге контрабандалық жолмен жанармай тасымалдамақ болғандардың жолын кесті

Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясымен шекаралас "Жайық" теміржол бекеті арқылы жанар-жағармайдың заңсыз экспорты тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шекарашылар Ресейге контрабандалық жолмен жанармай тасымалдамақ болғандардың жолын кесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "2022 жылғы 8-11 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысындағы "Жайық" теміржол бекетінде ҰҚК шекара қызметі Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесті. 20 теміржол цистернасындағы жанармайды битумды лактарға арналған еріткіш ретінде тасымалдау әрекеті тоқтатылды”, – деп жазылған хабарламада.

Жүк процессуалдық шешім шығару үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды. 

"Шекара қызметі Қазақстанда жанармай, дизельдік отын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға уақытша шектеулер енгізілгенін еске салады", – деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов