USD
USD
USD

Шекарашылар 300 миллион теңгеден аса қаржыны заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге қаражатты заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шекарашылар 300 миллион теңгеден аса қаржыны заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. ҰҚК мәліметінше, шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 дерегін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтаған.

Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілген.

"ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі көлемде ақша (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажет екенін еске салады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейтілгені хабарланған болатын. Бұйрықты Ұлттық банк Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп қабылдаған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым