USD
USD
USD

Шекарадан гашиш алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Түркістан облысында қалтасына есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған шетелдік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шекарадан гашиш алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Cарыағаш аудандық полиция бөліміне шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда Наоми атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға үріп, полицейлерге белгі береді. Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдіктінің шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады.

Алынған зат сараптамаға жолданып, оның гашиш екені расталды. Ұсталған орта жастағы азамат Өзбекстан елінің тұрғыны болып шықты.

Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік