USD
USD
USD

Шекарадағы жүк: Қазақстан мен Қытай келісімге келді

 Қытай Қазақстаннан келетін пойыздарды шекарадан көбірек өткізетін болды.

Шекарадағы жүк: Қазақстан мен Қытай келісімге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі ел шекарасындағы бүгінгі жағдайға байланысты өткен онлайн кеңесте осындай келісімге қол жеткізілді. Жиынға қос тараптың осы саладағы ұлттық компаниялары мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты. Оның аясында Қытай жағы Қазақстанға импорттық контейнерлерді жөнелтуді тездетуге ниет танытты.

Біраздан бері екі ортада тұралап қалған жүктердің тең жарымы айдың аяғына дейін межелі жерге жіберіледі, делінген Қазақстан темір жолы таратқан хабарламада. Компания мәселені шешу үшін барлық шара жасалып жатқанын, оны Үкімет өз бақылауына алғанын атап өтті. Осыған дейін Асқар Мамин мемлекеттер арасында автомобиль және теміржол арқылы жүк тасымалдауда кедергі барын айтып, Қытай премьері Ли Кэцянның атына хат жолдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді