USD
USD
USD

Шекарадағы қақтығыс: Қырғызстан мен Тәжікстан бірлескен мәлімдеме жариялады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығысқа қатысты бірлескен мәлімдеме жариялады.

Шекарадағы қақтығыс: Қырғызстан мен Тәжікстан бірлескен мәлімдеме жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа Тәжікстан Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы мен Қырғызстан үкіметінің Баткен облысы бойынша тұрақты уәкілі қол қойған. Тараптар қарулы қақтығысты тоқтатып, жеке құрамдар мен әскери техниканы шекарадан алып кетуге келісті. Жағдайдың шиеленісуіне жол бермеуге уағдаласты. Енді екі елдің құқық қорғау органдары мен атқарушы билік өкілдерінен жұмыс тобын құрады. Олар жоспарды жүзеге асыру мен келіссөздердің жемісті жүруін қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз үкіметінің басшысы Ұлықбек Марипов Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзада 30 сәуірде Қазан қаласында кездесетіні хабарланған. Сарапшылардың айтуынша, қырғыз-тәжікке ортақ шекараның 450-дей шақырымы белгіленбеген. 1980 жылғы екіжақты келісімге сәйкес, тарату бекетіндегі су қорының 37%-ке Қырғызстанға, 63%-і Тәжікстанға тиесілі. Шекараның нақтыланбауы мен суға талас, екі ел арасында осындай қақтығыс тудырып келеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер