USD
USD
USD

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыстық топ мүшелері шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк көлігі, автобустар және жеңіл автокөлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалап келген.

Күдіктіні ұстау сәті
Фото: Видеодан кадр/polisia.kz

Астана, NEGE. Күдіктілерді полицейлер 23 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және прокуратурамен бірлесіп ұстады.

27 тінту шарасын жүргізу кезінде топ мүшелерінен қару-жарақ, байланыс құралдары, қомақты қаражат және автокөліктер тәркіленді.

ІІМ тергеу амалдары бір топ адамның бопсалау фактісі бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар заңсыз әрекеттердің мән-жайын, оған қатысушылардың әрқайсысының рөлін, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстық оқиғаларға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram