USD
USD
USD

Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов істі болған Владислав Челахтың Президентке жазған хаты туралы тілшілер сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл оқиға болған жылы тиісті қылмыстық іс тергелген болатын. Атап айтқанда, тергеу амалдары толық жүргізілді. Егер басқа да мәлімдемелер болса, оның мән-жайын қарастыруға болады. Қазір ол не туралы айтқысы келгенін нақты білмеймін», - деді А. Алдажұманов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол бұл іс бойынша Шекара қызметінің ұстанымы тергеу органдарының дәлелдерімен сәйкес келетінін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Владислав Челахтың Президентке жазған хаты жөнінде пікір білдірді.

Былтыр жыл соңында В. Челах өтініші Бас прокуратураға түсті.

Еске сала кетсек, 2012 жылы мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні Алматы облысының «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы және бір қорықшы қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар