Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шекара қызметі 144 келі кокаин тәркіледі

Аустралияның шекара қызметі Брисбен кемежайында Оңтүстік Африка Республикасынан жеткізілген жүк арасына жасырылған 144 келіге жуық кокаин тәркіледі.

Шекара қызметі 144 келі кокаин тәркіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. The Sydney Morning Herald басылымының жазуынша, шекара қызметкерлері Брисбен кемежайына қазан айының басында жеткізілген гидравликалық цилиндрлер партиясын қарау кезінде екі гидроцилиндр поршенінен қуыстарды анықтаған.

Оның ішінен әрқайсысына 24 блок кокаин салынған алты металл контейнер табылды.

Жасырылған есірткінің құны 64,8 млн аустралиялық долларға бағаланып отыр.

Есірткіні анықтау шарасы елдің шекара қызметі және федералдық полиция күшімен ұйымдастырылды. Соның аясында Брисбена және Сидней кемежайларының қойма ғимараттарында іздеу жұмыстары жүргізіліп, жүкті алушы – Сиднейдің 45 жастағы тұрғыны қамауға алынды.

Аустралия заңнамасына сәйкес, аталған құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu