USD
USD
USD

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Қазақстанда шекарадан 50 шақырымға дейін орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктерге арнайы мәртебе берілуі мүмкін. Құрылтай жаңа заң жобасын әзірледі.

Құрылтай
Фото: Құрылтай

Астана, NEGE. Бүгін Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарын дамыту туралы» заң жобасын таныстырды.

Комитет төрағасы Әмірбек Оспанбековтің сөзінше, заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Құрылтай
Құрылтай

«Біздің басты мақсатымыз – осы аудандарда өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикалық орта қалыптастыру. Бұл тұрғындарға сол жерде жай ғана өмір сүруге ғана емес, тұрақты жұмыс істеуге, өз кәсібін ашуға, өндіріс орындарын іске қосуға және лайықты табыс табуға мүмкіндік береді», – деді Әмірбек Оспанбеков.

Заң жобасын таныстырған Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр құжатта мемлекеттік шекарадан 50 шақырым шегінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктерді шекара маңындағы аумақтарға жатқызу ұсынылғанын айтты. Ал шекарадан 25 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан шалғай елді мекендерге қосымша қолдау шаралары қарастырылмақ.

Құрылтай
Құрылтай

«Экономикалық негізділік, келісімділік, әділеттілік және қауіпсіздік қағидаттары бекітілетін болады», – деді депутат.

Депутаттар шекара маңындағы аудандарға бірқатар мемлекеттік қолдау шараларын енгізбек. Атап айтқанда, олар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, кәсіпкерлерге кредит беру, инвестиция тарту, субсидиялар мен кредиттік кепілдіктер ұсынуды жоспарлап отыр.

Құрылтай
Құрылтай

Сондай-ақ шалғай елді мекендерде әлеуметтік маңызы бар салаларда жұмыс істейтін қызметшілердің жалақысына жоғарылату коэффициенттерін белгілеу ұсынылған. Бұдан бөлек, тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру шаралары да қарастырылған.

Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаров шекара маңындағы аумақтарды тек географиялық шет аймақ ретінде емес, елдің экономикалық және әлеуметтік кеңістігінің маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өңірлерде өндіріс, сауда, логистика және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік бар.

Құрылтай
Құрылтай

Сонымен қатар, комитет мүшелері елді мекендерді шекара маңындағы аумақтар тізіміне енгізу өлшемшарттарын талқылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелері бар ауылдарды тізімге қосу, шекаралық аудандардың туристік әлеуетін бағалау мәселелері көтерілді.

Заң жобасына қатысты өзге де мәселелер мен ұсыныстар депутат Тұрарбек Тілемісов жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты қаралады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған