USD
USD
USD

Шекара маңында жұмыс істейтіндердің айлығына 50 пайыз үстемеақы қосылуы мүмкін

Шекарадан 50 шақырым қашықтықта жатқан елді мекендерде жұмыс істейтін азаматтардың айлығына 50 пайыз үстемақы қосылып, еңбек өтілі өзгеше есептелуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

Шекара
Фото: ҰҚК

Алматы, NEGE. «Халықтың көші-қон легін азайту және еңбегі артық өңірлерден еңбек мигранттарын тарту мақсатында еңбек тапшылығы бар облыстардың шекаралас елді мекендерінде және экстремалды табиғи-климаттық жағдайлары бар (жылыту маусымы 9 айға созылатын) еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінің және батыс өңірінің жекелеген аудандарында (Мемлекеттік шекарадан 50 км дейінгі қашықтықта орналасқан) шалғай шекара маңындағы ауылдық округтердің тұрғындары үшін уәкілетті мемлекеттік органдар жалақысына 50% дейін үстемеақы қосу және еңбек өтілін есептеудің ерекше нормаларын жүргізу және т.б. мәселелер пысықталып жатыр», - деп жазылған Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәліметінде.

Ведомствоның дерегі бойынша шекарадан 50 шақырым қашықтықта орналасқан 1 300-ге жуық елді мекен бар.

«Қазіргі уақытта еліміздің 14 облысы Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан аумақтарымен шектеседі. Тікелей шекара маңы белдеуінде мемлекеттік шекарадан 50 км дейінгі қашықтықта 1,7 млн адам тұратын 1 283 шекара маңындағы ауылдық елді мекен орналасқан», - делінген жауапта.

Ресми мәліметке сүйенсек, кейінгі он жылдың ішінде Қазақстан картасынан 572 ауыл жойылған. Алдағы 3 жылда олардың қатарына тағы 546 ауыл қосылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет