USD
USD
USD

Шегірткемен күреске Т1,5 млрд. бөлінді

Қазақстанда шегірткемен күреске Т1,5 млрд астам бөлінді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс.

Шегірткемен күреске Т1,5 млрд. бөлінді
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Республикалық бюджеттен шегірткелер үйірімен күреске Т1 млрд. бөлінген. Ал үйірімен жүрмейтін шегірткелермен күреске жергілікті бюджеттен Т555,1 млн бөлінген», - деп мәлімдеді Марс жұмадағы брифингте.
Аталмыш қаржы, оның айтуынша, пестицидтердің өзін сатып алудан басқа, алқаптарды химиялық өңдеу қызметіне ақы төлеуге де мүмкіндік берді. Сонымен қатар, орталық қоймада шегіртке зиянкестерімен күресте алқаптың 525,3 мың көлеміне жететін 47,5 мың литр пестицид бар, бұл болжанған шегірткелер санының 95%-на жетеді.
«Өңдеу шараларына 148 бірлік арнайы сепкіш техника, химөңдеу қызметтерін сатып алу бойынша қажетті конкурстық рәсімдер аяқталуда, жерге бүріккіштер мен газ генераторлары бойынша (119 дана жерге бүріккіш, 10 ұшақ, 10 дана жеңіл авиация кемесі мен тоғыз дана аэрозольдық газ генараторлары) шарт жасалды», - деді Марс.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия