USD
USD
USD

Шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге қарастырылған

Егістік алқабындағы шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. 

Шегірткемен күреске 1,5 млрд теңге қарастырылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Егістікті сақтаудың маңызды факторы – шегіртке мен өзге де зиянкестермен күрес болып саналады. Биыл үйірлі шегірткелер 554 мың гектарға, саяқ шегірткелер – 266 мың гектар аумаққа таралады деп болжанып отыр. Бұл бағытқа, химиялық өңдеу жұмыстарына 1,5 млрд теңге қарастырылған», – деді спикер.

Оның айтуынша, 8 шілдедегі жағдай бойынша 1,3 млн гектар аумақтағы дәнді-дақыл тексерілді. Нәтижесінде зақым келген 149 мың гектар жер өңдеуден өтті. Сонымен бірге, шаруа қожалықтары өңдеуге қажетті препараттармен толық қамтамасыз етілген. Қазақстанда 1160 препарат тіркелген және пайдалануға рұқсат етілген, оның ішінде 611 гербицид бар.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық