USD
USD
USD

Шегірткелермен күреске 2 млрд көлемінде қаржы бөлінді

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс Орталық коммуникациялар қызметінде шегіртке және карантиндік зиянкестерге қарсы күрес, егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау жөніндегі ағымдағы жағдайды хабардар етті.

Шегірткелермен күреске 2 млрд көлемінде қаржы бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, республика аумағында ерекше қауіпті организмдердің 12 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі және карантиндік объектілердің 14 түрі таралған. Шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. 

«Биыл үйірлі шегірткелер 997,2 мың га алаңда таралған, оның ішінде итальяндық прус – 760 мың га, азиялық шегірткелер – 201 мың га және марокко шегірткелері – 35 мың га. Сонымен қатар, саяқ шегіртке зиянкестері 270 мың га алаңда таралған. Жалпы шегірткелерге қарсы күреске республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге және жергілікті бюджеттен – 659 млрд теңге бөлінді. Қаржы құралдары пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңға сатып алуға мүмкіндік берді. Үйірлі шегірткелерге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі топтарындағы препараттары сатып алынды», - деді спикер.  

Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлерде облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды және мониторингпен химиялық өңдеу жұмыстарды ұйымдастыру жұмыс жоспарлары бекітілді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция