USD
USD
USD

Шегірткеге қарсы дәрілеу шаралары басталды

Алматыда шегірткеге қарсы дәрілеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Шегірткеге қарсы дәрілеу шаралары басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 1-4 шілде аралығында жасыл желектерді қорғау мақсатында Алматы қаласының Наурызбай, Алатау, Жетісу, Түрксіб және Медеу аудандарында шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын жүргізуде.

Залалсыздандыру жасыл желектерді зиянкестерден қорғауға және жәндіктердің Алматы аумағына келуіне тосқауыл қою үшін қолға алынды. Бұл жұмыстар түнгі уақытта, сағат 23:00-ден 05:30-ға дейін жүргізіледі.

Қала аумағына шегірткелердің келуіне әсер ететін жерлерде (бос жерлер, жыралар, адамдар тұрмайтын бос учаскелер) жасалады. Қолданылатын препараттар ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген және тұрғындарға, жануарлар мен құстарға зияны жоқ.

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген аймақтар сигналды жалаушалармен және тақтайшалармен белгіленеді. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына белгі қойылған жерлерге бармауларын өтінеді.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу