USD
USD
USD

Шегірткеге – 2 млрд теңге!

Қазақстан мен РФ ауыл шаруашылық министрлігі шекара маңы аудандарында шегіртке зиянкестерімен күрес мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Шегірткеге – 2 млрд теңге!
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «Екі ел министрлігі мамандарының жыл сайынғы кеңесі биыл бейне конференция режимінде өтті. Тараптар ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат алмасты. Сондай-ақ, осы бағыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады», - делінген жұмадағы хабарда.

Хабарда нақтыланғандай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Алмабек Марс ресейлік әріптестеріне 2020 жылы Қазақстанда шегірткелерді улау жұмыстары 515 мың гектарға жүргізілген, ал биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін.

«Шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы барлық болжанып отырған аумақтар үшін пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін сатып алуға жеткілікті», - деп жазды баспасөз қызметі.

Хабарда айтылғандай, қазіргі уақытта Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитеті зиянкестердің таралу ошақтарын анықтау және химиялық өңдеу жүргізу жұмыстарын уақтылы бастау үшін дайындық іс-шараларын аяқтауда.

«Айта кету керек, биыл Ресей Федерациясы 590 мың гектарға жуық аумаққа зиянкес шегірткеден қорғану жұмыстарын жүргізеді, деп болжанып отыр. Онлайн-кеңестің қорытындысы бойынша 2021 жылға арналған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекара маңы аумақтарында зиянкес шегірткенің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова