Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Щучинскіде базар өртеніп, бір адам қаза тапты

Ақмола облысы Щучинск қаласында базар өртенді.

Щучинскіде базар өртеніп, бір адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін 18 мамыр күні сағат 04-50-де Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында «Жомарт» базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртенді. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метр. 45 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді. Осылайша екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірді. «Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасының өкілдері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды», – делінген хабарламада. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық