USD
USD
USD

Щучьенің бірқатар шағынауданы жарықсыз қалды, монтерлер жұмыс істеуде

Ауа райына байланысты Ақмола облысы Шучье қаласының бірқатар шағынаудандары жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Щучьенің бірқатар шағынауданы жарықсыз қалды, монтерлер жұмыс істеуде
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Көкшетау энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде жауған қар аралас жаңбырдың салдарынан бірқатар елді мекенді электр жарығымен қамтамасыз етуде қиындықтар туған. Қазіргі кезде мамандар бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеуде.

«Түнде жауған қар аралас жаңбырдың салдарынан электр желісінде апат шығып, Щучье қаласының шеткі аудандарындағы абоненттер электр жарығынан ажыратылды. Қазіргі кезде ақауды жою бойынша Щучье ауданаралық электр желілерінің 5 бригадасы мен 10 арнайы техникасы жұмыс істеуде. Бірқатар абоненттерге бүгін таңертең электр жарығы берілді. Қалған абоненттер бүгін түске дейін электр жарығымен қатамасыз етіледі», - деп түсіндірді «Көкшетау энерго» ЖШС баспасөз хатшысы Еркін Сейітов.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Щучинск қаласында электр желілерін жаңғырут бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, қазанның 17-22 аралығында Щучье қаласының Зеленая, Карьерская, Луговая, Одесская, Московская көшелерінде электр жарығы 6 сағатқа өшірілді.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік