USD
USD
USD

«Шәйнектің ішіне есірткі жасырған» — Такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектесті

Түркістан облысында такси жүргізушісі қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Биыл қаңтарда «102» арнасына такси жүргізушісінен ерекше қоңырау түскен. Ол полицияға күдікті зат туралы хабарлады.

Шымкент қаласында белгісіз ер адам оған сәлемдеме беріп, оны Түркістанда бір қыздың күтіп алатынын айтқан. Жүргізуші басқа жолаушыларды түсіріп жатқанда сәлемдемені жерге құлатып алған. Ондағы электр шәйнегінен синтетикалық есірткі салынған екі орам анықталған. Ер адам дереу полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндірген.

Жедел шаралар қабылданып, нәтижесінде сәлемдемені күткен жас қыз ұсталды. Тергеу барысында ол есірткіні жеке қолдануға алғанын мойындады. Қызға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жауапқа тартылды. 

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы