USD
USD
USD

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дайындық барысында Австрия және Венгриямен кездеседі

6 сәуірде «Барыс Аренада» шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны ресми түрде басталды.

Шайбалы хоккей
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Кеңейтілген қаралым тізіміне 40-тан астам хоккейші енді.

9 және 10 сәуір күндері жасөспірімдер құрамасы «Номад» командасымен екіжақты кездесулер өткізеді. Ал 12 сәуірде Венгрияға аттанып, дайындықты сол жерде жалғастырады.

15 сәуірде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгриямен жолдастық матч өткізсе, 17 сәуірде Австриямен кездеседі.

Ал 20 сәуірде Венгрияның Секешфехервар қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионы басталады. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы топ-дивизионға өту үшін Австрия, Дания, Венгрия, Словения және Украина құрамаларымен бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат