USD
USD
USD

Шайбалы хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды

Шайбалы хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккей
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қазақстандық хоккейшілер үшінші ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Қарсылас біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында сынға түсіп жүр. Сондықтан кездесу барысында құрамалар жеңіске жетуге бар күшін салды.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер екінші кезеңнің соңына дейін үш гол айырмасымен басым болып тұрды. Алайда үшінші кезеңде қарсыластар таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен қазақстандық Оразбаева соққан гол құрамаға жеңіс алып келді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana