USD
USD
USD

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан элиталы дивизионнан шығып қалды

Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында жеңіліс тапты.

Шайбалы хоккей
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама Швейцарияға есе жіберді.

Қазақстан 16-минутта есеп ашты. Гол авторы — Аркадий Шестаков. Екінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда швейцариялықтар артық құрамда шайба соғып, үшінші кезеңде тағы бір голмен алға шықты. Ойын соңына қарай есеп 4:1 болып, қарсылас команда жеңіске жетті.

Швейцария – Қазақстан 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 – 15:17 – Шестаков (Бекетаев, Михайлис)

1:1 – 39:55 – Фиала (Мальгин, Кукан) артық құрамдағы гол

2:1 – 47:15 – Андригетто (Мальгин, Мозер) артық құрамдағы гол

3:1 – 57:06 – Амбюль (Нидеррайтер, Фиала)

4:1 – 57:44 – Риат (Кнак, Фора)

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орынға түсіп, элиталық дивизионмен қош айтысты.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен