USD
USD
USD

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жек алдында ауыр жарақат алғаны белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың бапкері Генри Хофт қазақстандық файтердің UFC 296 турнирінің алдында алған жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жек алдында ауыр жарақат алғаны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекке 25 күн қалғанда Шавкат Рахмоновтың жарақат алғаны белгілі болды.

«Номадтың» бапкері Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық спортшының сол кезде балдақпен жүрген фотосын жариялады. Генридің айтуынша, Шавкат тобығын ауыртып алғандықтан аяқпен жасалатын соққыларды қолданбапты.

«Сенбі күні Шавкаттың тағы бір жеңісіне куә болдық. Енді оның рекорды 18-0! Осы посттағы фотоларды көрсеңіз Рахмоновтың неге каратэ мен кикбоксинг әдістерін жасамағанын түсінесіз. Біз жекпе-жекті ММА мәнерінде жеңгіміз келді. Сонымен қатар бұрын ешкім сабмишн жасай алмаған файтерді мерзімінен бұрын жеңдік. Шавкат жұдырықтасуға 25 күн қалғанда ауыр жарақат алып қалды. Бірақ жауынгерлер үшін бұл сөз емес», – деді Генри Хофт Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай