USD
USD
USD

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне байланысты пікір білдірді

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (14-0) бразилиялық Мишель Празереспен (26-3) өткен кездесуіне байланысты пікір білдірді.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне байланысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 30 турнирінде өтті. Негізі айқас үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раунда қазақстандық спортшы қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. 

"Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Қазақстанның туын мұндай аренада көтергенімі қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Келесі қарсылас дейсіз бе? Осы кездесуден кейін рейтингте жақсы орында болатынымды білемін. Мүмкін үздік 15 спортшының қатарына да қосылатын шығармын. Үйге барып командаммен, бапкерлеріммен ақылдасу керек. Шынымды айтайын, Қазақстанды қатты сағындым. Отбасымды сағындым! Октоганға тезірек қайта оралуға тырысамын", - деді Рахмонов. 

Айта кетейік, бұл Рахмоновтің аралас жекпе-жектегі 14-ші кездесуіндегі 14 жеңіс. Ал UFC ұйымында ол екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.  

Қазір оқып жатыр

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто