USD
USD
USD

Шавкат Рахмонов UFC-де төртінші рет жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Шавкат Рахмонов UFC-де төртінші рет жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рахмонов Лас-Вегаста америкалық Нил Магнимен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы жекпе-жектің екінші раундының соңында қарсыласын тұншықтыру арқылы жеңді. Қарсыластар жартылай орта салмақ дәрежесінде күш сынаған болатын. 

Рахмонов бірінші раундта қарсыласына көп соққы жасап, физикалық жағынан да өзінің әлдеқайда мықты екенін көрсетті. 

Екінші бес минуттық кезеңде Рахмонов күш жағынан басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде раундтың аяқталуына үш секунд қалғанда ол Магниді тұншықтырып, жеңіске жетті. 

Рахмонов осымен UFC-де төртінші жеңіске жетті. 

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция