USD
USD
USD

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді

UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылқындыру әдісімен жеңді.

Бұл оның UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңісі. Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға төмендеп, 12-орынға түсті.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар