USD
USD
USD

Шавкат Рахмонов бразилиялықты буындырып тастады

Әлемдегі ең атақты UFC промоушенінде екінші кездесуін өткізген жерлесіміз Шавкат Рахмонов бүгін түнде Лас-Вегаста бразилиялық Мишель Празересті екінші раундта буындырып тастады.

Шавкат Рахмонов бразилиялықты буындырып тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төбелес үш раундтқа есептелген еді. Алғашқы бес минутта қарсыластар бір-біріне жұдырық сілтесіп байқады, бразилиялық джиу-джитсу шебері, 39 жастағы Празерс Ш.Рахмоновты аяқтан іліп алып көтеріп тастауға ұмтылды. Бірақ ойы іске аспады. Шавкат оның өзін аударып түсіріп, тейкдаун жасады.

Екінші раунд жерлесіміз үшін сәтті басталды. Дөп тиген соққыдан бразилиялық бір сәтке теңселіп кеткендей болды. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Рахмонов оны буындырып тастады.

Осылайша Ш.Рахмонов 14 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. UFC промоушенінде екі кездесу – екі жеңіс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев