USD
USD
USD

Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті

  Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) шеберлік байқасты. Нәтижесінде үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Айта кетсек, жекпе-жек алдында Джефф Нил UFC орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмоновтан алда тұрды. Рейтингте американдық спортшы жетінші орынға жайғасса, қазақстандық оныншы орынға тұрақтаған еді.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой маңсабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Әзірге ешқандай жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ.

Ал Джефф Нил бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.

Алдын ала мәлім болғандай, Ш. Рахмоновтың қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті. Атап айтқанда, таразыға тұрған отандасымыздың салмағы 77,56 келі, ал америкалықтың салмағы 79,37 келі болды. Осыған қарамастан Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил жекпе-жегі салмақ айырмасына қарамастан өтті. 

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet