USD
USD
USD

Шавкат Мирзиёев Қазақстан халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда. 

Шавкат Мирзиёев Қазақстан халқына көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты.

Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік