Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шавкат Мирзиёев ант беріп, президент лауазымына кірісті

 Бүгін Олий Мажлис Сенатында қайта сайланған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті ұлықтау рәсімі өтті.

Шавкат Мирзиёев ант беріп, президент лауазымына кірісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олий Мажлис палаталарының Өзбекстан Республикасы Президентінің инаугурациясына арналған салтанатты бірлескен отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низомходжаев мінберге Шавкат Мирзиёевті шақырды. «Өзбекстан халқына адал қызмет етуге, республика Конституциясы мен заңдарын орындауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Өзбекстан Республикасы Президентіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!», - деді Шавкат Мирзиёев.

Ант берiлгеннен кейiн Өзбекстанның Мемлекеттiк гимнi орындалды. ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев Шавкат Мирзиёевке президенттің кәулігін табыс етті. Кейін Өзбекстан Республикасының Президенті мінберде баяндама жасады. Еске салайық, Өзбекстанда президенттің сайлау 24 қазанда өтті. Жеңіске 80,12% дауыспен іс басындағы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев жетті.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов