Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады

Желіде әйгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат тарады.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аталған оқиғаға қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті пікір білдірді, дегенмен нақты есімдер аталмады.

Ресми мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы 27 шілде күні сағат 08:50-де республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» тас жолының 299-шақырымында болған.

Гүлайым Рахмонова ұлы мен құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға «Toyota Land Cruiser» жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Halyqstan телеграм каналының хабарлауынша, көлікті Шавкат Рахмоновтың жұбайы жүргізген.«Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлік жүргізушісі — Қарағанды облысы бағытынан Алматыға қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Оқиға орнында 39 жастағы жолаушы қаза тапты. 35 жастағы әйел Мойынқұм аудандық ауруханасына бара жатып қайтыс болды.

Рахмонова мен оның 3 жасар ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде.

Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқарған тұлғалар тарапынан жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Қазір оқып жатыр

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Микрофон

Алматы облысында жеке сот орындаушысы құмар ойынға 140 млн теңгеге жуық қаржы салған

жеке сот орындаушысы

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен