USD
USD
USD

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жарақатынан толық айығып, октагонға оралуға дайындалып жатыр. Оның менеджері Саят Абдрахманов спортшының қазіргі жағдайы мен келесі жекпе-жек мерзімі туралы айтты.

Жекпе-жек
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Рахмонов келесі жылдың басында жекпе-жекке шығуы мүмкін

Саят Абдрахмановтың айтуынша, Шавкат мамыр айында Белал Мухаммедпен чемпиондық белбеу үшін кездесу өткізуі тиіс болған, алайда жарақатына байланысты бұл жекпе-жек өтпей қалған.

«Шавкатта денсаулыққа байланысты қиындықтар болды. Мамырда бізге Белал Мухаммедпен чемпиондық жекпе-жек ұсынылды, бірақ жарақатына байланысты ол қатыса алмады. Қазір толық қалпына келіп, жаттығуға кірісті. Болжам бойынша, қаңтардың соңы – ақпанның басында октагонға оралады», – деді менеджер.

Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде 2024 жылдың желтоқсанында Иэн Мачадо Гэрриді жеңіп, 19-шы кәсіби жеңісін тіркеген.

Оның кәсіби рекорды – 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ. Жекпе-жектің басым бөлігі мерзімінен бұрын аяқталған. Қазір ол жартылай орта салмақта (welterweight) өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.