USD
USD
USD

Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммадтың жекпе-жегі өтпейтіні мәлім болды. 

Жекпе-жек
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Vesti.kz сайтына титулдық жекпе-жектің өтпейтіні жайлы ақпаратты Рахмонов командасындағы дереккөз хабарлады.

Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі титулдық жекпе-жегі 8 желтоқсанға жоспарланған болатын. Жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек Лас-Вегас қаласында, Невадада өтуі тиіс еді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде промоушеннің чемпионы Белал Мұхаммадтың белгісіз себептермен жекпе-жектен бас тартқаны жайлы ақпарат тарады. Рахмонов қазір UFC 310 турнирінде басқа қарсыластармен келіссөздер жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев