USD
USD
USD

Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: сот қашан басталады?

Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмоноваға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

жол апаты
Фото: instagram./zhambyl_police

Астана, NEGE. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот отырысы өтетін күнді белгіледі.

«Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Алдын ала тыңдау 2026 жылғы 16 ақпан сағат 15:00-ге тағайындалған», – делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы 27 шілде күні таңертең Алматы – Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында болған. Полиция мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, Рахмоновтың жұбайы мен ұлы ауруханаға жеткізілген.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл іс Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша – «Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу» дерегімен тергеліп жатқанын мәлімдеді.

 Бұған дейін көлікті Шавкаттың әйелі Гүлайым Рахмонова жүргізгені айтылған еді.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

ТЖ

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

.

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

.