«Шатырлар ұшып, ағаштар құлады»: Таразда қатты соққан жел тұрғындарды әбігерге салды
Кеше еліміздің оңтүстік өңірінде қатты дауыл болды.
Алматы, NEGE. Таразда ауа райының күрт бұзылуына байланысты қатты дауыл тұрып, тұрғындардың үрейін ұшырды. Қалада ғимарат шатырлары ұшып, ағаштар құлаған. Жамбыл облыстық полиция департаменті жүргізушілерді алыс жолға шықпауларын және көлікті ағаштардың жанына қоймауларын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен. Желдің ұйытқуы әсерінен облыс орталығында тал бұтақтарының құлауы, бағдаршамдардың істен шығуы, электр сымдарының үзілу деректері тіркелді. Қаланың басым бөлігі жарықсыз қалды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балабақша мен мектеп әкімшіліктері балаларды көлікпен келіп, алып кетуді сұрауда.
Ақмола облысында газдың жарылуы: Екі баланың жағдайы ауыр
Қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен ұшады: Заң жобасы мақұлданды
"Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуіне байланысты көлік жүргізу қауіпті. Өте сақ және абай болыңыздар! Тұрғындарды ауа райы болжамын ескере отырып, алыс жолға жоспарлы түрде шығуларын сұраймыз", - деп хабарланды облыстық полиция департаментінен.
Сондай-ақ полиция департаменті тұрғындарды далаға шыққанда, жолдан өткенде абай болу керектігін ескертеді, балаларды өздігінен қалдырмауды сұрайды.
Қазір оқып жатыр
Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев