USD
USD
USD

«Шатырдағы екеу» халықаралық кинофестивальде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды

«Шатырдағы екеу» Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Алтын арыстан» (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлады  Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

кино
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Алматы, NEGE. Фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.

Сонымен қатар, фильм өткен жылы Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты.

Кинокартина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

«Шатырдағы екеу» фильмінде тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық суреттеледі. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

Қазір оқып жатыр

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз