7 Мамыр 14:20

Шаштараздар екі күннің ішінде 52,3 млн теңге табыс тапқан

Фото:
Еліміздегі 17,4 мың шаштараз және сұлулық салоны ішінде 16 мыңға жуығы өз қызметін әлі қалпына келтірмеген немесе онлайн Онлайн бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолданбағандығы анықталды. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

хабаралды.

Алматы, NEGE. Елде енгізілген Төтенше жағдайдан кейін 4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастаған болатын . «Онлайн бақылау-касса машиналарын (БКМ) енгізудің арқасында, қолма-қол есеп айырысулар туралы келіп түскен ақпарат негізінде салықтық есептілікті тапсырмастан бұрын, кәсіпкерлердің қызметіне барып тексеру жүргізбей-ақ, талдауға мүмкіндік берілді. Комитетте чектер берілмеген бақылау-касса машиналарының орналасқан жері туралы ақпарат бар. Осылайша, талдау барысында 17,4 мың шаштараз және сұлулық салоны ішінде 16 мыңға жуығы өз қызметін әлі қалпына келтірмегені немесе онлайн БKM қолданбағандығы анықталды. Одан бөлек, ауысым соңында бір немесе екі чекті шығару сияқты фактілер де анықталды. Бақылау-касса машиналарын пайдаланбау және чектер бермеу - бұл кәсіпкерлік кірісті жасыру арқылы салық заңнамасын және тұтынушылар құқығын бұзу болып саналады», - делінген Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметінде. Жақын арада Комитет жыл сайынғы «Чекті талап ет - жүлде ұтып ал!» акциясын бастайды. Онда жіберілген чектері үшін акцияға қатысушылар ұялы телефонының теңгеріміне бірден ақша алуына мүмкіндігі бар. Егер чек берілмесе, акцияға қатысушылар мобильді қосымша арқылы тиісті шағымды жібере алады. Осы орайда шағым расталса, ұялы телефонның теңгеріміне кепілдендірілген ақшаны ала алады. «Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарлар сатып алуда, жұмыстар мен қызмет чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады», - дейді мамандар.

Қазақстандағы шаштараздар екі күннің ішінде 52,3 млн теңге табыс тапқан.

Тегтер: