10 Сәуір 11:59
...

«Шашымды уыстап жұлды» – Прокурор Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хабарламасын оқып шықты

Бишімбаев соты
Фото: Жоғарғы сот

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот процесі өтіп жатыр. 

Алматы, NEGE. Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында куәгер,Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан жауап алынды. Жауап алу барысында прокурор Салтанат Нүкенова мен құрбысы Аида Ахмединаның диалогын оқыды.

Салтанат Нүкенова: Ол менің заттарымды бермейді. Жалғыз келе алмаймын, ағам немесе әкеммен баруым керек. Кез келген нәрсеге дайын болуым керек. Мен саған сенемін. Маған ештеңе керек емес. Тек заттарымды алып кеткім келеді.

Аида Ахмедина: Саған қалай көмектесе аламын?

Салтанат Нүкенова: Ол мені жібергісі келмейді. Адвокаттың нөмірі керек. Ол мені жай жібере салмайды. Менде оның соққысынан кейін түскен суретім бар. Ол сурет Айтымда да бар. Ол жерде бетімнің сау тамтығы қалмаған.

Аида Ахмедина: Ол қашан болған?

Салтанат Нүкенова: Мен Айтымның келетінін білмедім. Ол келді де екеуі төбелесіп кетті. Айтым полиция шақырды.

Аида Ахмедина: Айтымды ұрып тастаған жоқ па?

Салтанат Нүкенова: Ол жібермеймін деп айтты. Менің отбасымда соққыдан кейінгі сурет бар. Ол бізді сол суретпен оны бопсалап, одан ақша сұрайды деп ойлайды. Сол себепті, оның да қолында маған қарсы дәлел болу үшін менен жалаңаштанып видеоға түсуімді сұрады. Ол видео оны бопсаламау үшін кепілдік болады. Білесің бе, мен оған «сен құбыжықсың!» деп айттым. Ол мені видеосыз жібермейтінін білдім.

Аида Ахмедина: Айтқанын орындадың ба?

Салтанат Нүкенова: Иә, жай ғана одан кетіп қалу үшін. Менің басқа амалым болмады. Шаршадым, мен қазір одан басқа ешкіммен араласпаймын. Ол менің әр қадамымды, әр қоңырауымды, әр хабарламамды бақылайды. Мен телефонда да артық отырмаймын. Болмашы нәрсені өшіруді ұмытып кетсем, ол сол жерде ашуланып, айқайлап, қорлауы мүмкін. Әбден шаршадым, ұрыс-керістен қашу үшін үндемеймін және үнемі ақталамын. Менің жүйкем шыдамайды. Ол ашуланбаса болды. Ол мені манякальды жақсы көреді. Ол махаббат емес. Мен оның барлығын қазір зерттеп жатырмын. Сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Қысқасы, мендегі жағдай осындай. Ары қарай не болатыны білмеймін. Оған жаным да ашиды. Жаным ашығандықтан шыдадым. Сосын Павлодарға кел.

Аида Ахмедина: Сұмдық қой, жаным! Бұл қалай болғаны?

Салтанат Нүкенова: Мен 24/7 сағат оның айтқанының барлығын істеуім керек. Мен қарсы шықсам, құдай сақтасын, жанжал болады. Ертесі де таңға дейін ақай-шу. Екінші рет Алматыда киімімді алып кетпек болғанда, ол менің шашымды жұлып алды. Бұл жағдай бірінші рет болған жоқ. Ол бірнеше рет менің шашымнан жұлып, айқайлады. Менің шашым уыстап жұлынды. Мен кетіп қалған сайын, ол маған қол көтеруін қояды. Мен сол жағдайдан кейін біреуге жазуға, ол туралы немесе екеуміздің қарым-қатынасымыз туралы айтуға қорқамын. Аида, анама, Әселге, әсіресе қыздарға айтпашы. Өтінемін, ешкімге айтпашы!

Аида Ахмедина: Сені алып кетйін бе?

Салтанат Нүкенова: Ол мені жай ғана жібере салмайды. Әкем де оның маған тыныштық бермейтінін айтты.

Аида Ахмедина: Оған не керек?

Салтанат Нүкенова: Маған Павлодарда болған дұрыс. Оған ештеңе керек емес, мен онымен сөйлеспеймін. Мен өз айтқанымда қаламын. Ол бәріне өзінің ғашық екенін айтып шағымданады. Сосын менің жаман екенімді айтады. Оның айтқандарына келісіп, қайта оралмасам кек ала бастайды. Әзірге бір апта тұра тұрамын. Сосын анама киімдерім мен заттарым туралы айтамын.

Аида Ахмедина: Ол қалай кек алады? Не істейді?

Салтанат Нүкенова: Мен де және Айтымда менің таяқ жеген суретім бар. Оны бір жолы менің телефонымда тұрмасын деп Айтымға жібергенмін.

Аида Ахмедина: Оның қолы сынсын!