Шарын шатқалындағы жер учаскесін пайдалануға тендер жарияланды
Отандық туризм кластерін дамыту бойынша бірқатар шаралар қолға алынып жатқаны белгілі. Қазір министрлік Алматы және Алматы облысына қарасты туристер жиі ат басын бұратын орындардың инфрақұрылымын дамытып, арнайы демалыс нысандарын салуға кірісіп кетті.
Алматы, NEGE. Соған байланысты Шарын МҰТП РММ лоттар бойынша туристік және рекреациялық объектілерді салу және реконструкциялау үшін ұзақ мерзімді жер учаскелерін пайдалануға тендер жариялайды.Бұл екі лот бойынша жүзеге асады.
лот №2
1) Шарын каньоны сауда нүктесі 115 телім. 1. 0,04 га.
2) 100 орындық қонақ үй Шарын шатқалы 115 телім. 1. 0,50 га.
3) 100 машинаға арналған автотұрақ Шарын каньоны 115 телім. 1 0,20 га.
4) Этнографиялық ауылы Шарын шатқалы 115 телім. 1 1,0 га.
5) Балалар алаңы Шарын шатқалы 115 телім. 1 0,10 га.
6) Монша кешені Шарын шатқалы 115 телім. 1 0,10 га.
7) Коттедждер – 30 адамға Шарын шатқалы, 115 телім. 1 0,50 га.
лот №6
- демалыс орындары-2 Шарын шатқалы 127 телім. 4 0,10 га.
Тендерлік құжаттама пакетін Алматы облысы, Шонжы ауылы. Қыдырбаев көшесі №4 және nept61@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша алуға болады.
Ал тендерге қатысу өтінімдерді қатысушылар 18.06.2020 дейін Алматы облысы, Шонжы ауылы. Қыдырбаев көшесі №4, пошталық индексі 041800 мекенжайына жіберуге болады. Құжаттар 1 қаңтарға дейін қабылданады.
Қосымша ақпаратты төмендегі телефон нөмірі арқылы білесіз:
+ 7 (72778) 23262 сот.+7 775 296 16 36