USD
USD
USD

Шарын шатқалында селден зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. 

Шарын шатқалында селден зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Шарындағы селден жарақат алған екі адам Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. «Мен сол экскурсияда гид болдым. Шарын шатқалындағы сел көшкіні кезінде 4 оқушымен бірге селде қалып, жарақат алдым. Алғашқыда жарақат сезілмеді, маған балаларды автобусқа жинау, қалғандарын табуға көмектесу және ата-аналармен кездесу қажет болды. Ата-аналар балаларды таратып алып кеткеннен кейін, артымнан әпкем келгенде мен аяғымның ауырсынуын және қатты бас айналуын сезіндім. Бір сәтте есімнен танып қалдым. Ауруханада өзіме келдім», – деді Мәдина. 

№4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбековтің айтуынша, науқас кешенді тексеруден өтіп, ем қабылдады. «Науқас бірден реанимация бөліміне жеткізіліп, кешенді тексеруден өтті. Оны құрамында травматолог, терапевт, анестезиолог бар дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарады. Бейінді бөлімшеде толық ем-шараларды алып шықты», – дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Сонымен қатар аталған ауруханада №199 мектеп-гимназиясы мұғалімі ем қабылдады. Төтенше оқиға кезінде мұғалім жабық бас сүйек-ми жарақатын, ми шайқалу, дененің, аяқ-қолдың көптеген жарақатын алды. Оқиға болған күні жедел жәрдем көлігімен Ұйғыр орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, ал 30 мамырда №4 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне өз бетінше жүгінді. «30 мамырда науқас бейінді бөлімшеге жатқызылып, медициналық көмектің толық көлемін алды. Шарын шатқалында зардап шеккендермен бірге психологтар жұмыс істеді, бүгінде олар тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық емделуге жақсартылып шығарылды», – деп түйіндеді бас дәрігер.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.